Бесік басында. Мұқағали Мақатаев

Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге.

Ұйықта, ұлым, ұйықта, бөпем, қасыңдамын,
Керек емес, дүния, асылдарың!
Бақыт, байлық — барлығы менің үшін
Сенің бір кеп мойныма асылғаның.

Аймалайсың жанымды күлкіңменен,
Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.
He дейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем,
Қытықтаған жүректі бір тілменен?

…Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын куалаған?!
О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат!
Қандай рақат сәбилер жыламаған!

Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Кім болсаң ол бол, мейлің, рұқсат жоқ,
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге!

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР:

Бесік жыры – балаға берілетін алғашқы тәрбие

Бесік жыры

Бесік жыры. Қасым Аманжолов

Бесік жыры. Несіпбек Айтұлы

Бесік жырын айта білесіз бе?

Бесік жыры. Мағжан Жұмабаев

Келіншектің бесік жыры

Оцените статью
Добавить комментарий

  1. Жанасыл

    Top

    Ответить