Дәрібаевтар отбасының орындауындағы “Бөбегім” бесік жыры

дәрібаевтардың бесік жыры БЕСІК ЖЫРЫ

Сөзі: Әбілда Аймақ, Әні: М. Сапаралиев

“Бөбегім” бесік жыры

Жалын жалғасымсың, балғын бөбегім.
Сені қорғасын шын, құдірет өлеңім.
Сенсің шапағатым, көктем арайлым.
Сенсің  махаббатым қонсын қалай мұң?

Қайырмасы:
Кәусар бұлағымсың
Мөлдір бастауым
Жанған шырағымсың
Ашық аспаным. (2 рет)

Әжең тұмарлаған, көйлек берейін,
Елің жыр арнаған сөйлеп көрейін.
Анаң ән арнаған алтын бесігім.
Елге оралады салтым есімім.

Жолын қуатын сен, ата-бабаның,
Нәрі қуаты сен, сазды бал әнім.
Әлі-ақ талпынарсың, жылама бөпем,
Күнің жарқырасын құлыным көкем.

Бесік жырлары туралы толығырақ мына бөлімде оқи аласыздар.

Оцените статью
Добавить комментарий

  1. Конак

    Бұл әнді мен өте қатты жақсы көрем.Дәрібаевтар ансамблі біздің сүйіп тыңдайтын өнер ұжымы. Сіздерге шығармашылық табыстар тілейміз.

    Ответить