Орал Нұрмаханованың орындауындағы бесік жыры (видео)

besik jyry oral nurmahanova Бесік жыры

Бесік жыры — қазақтың тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Бесік жырының маңызы — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен сәбиді тыныштандыра отырып, оның санасына ұлттық тәрбиені сіңіру.

1990 жылы Қазақтың тұрмыс-салт әндерінің жинағы жарық көрген. Сонда Орал Нұрмаханованың орындауында бесік жыры жазылған. Бұл бесік жырының әні мен мәтіні төменде:

Айналайын айдан,
Су әкелдім сайдан.
Көже түйдім бидайдан,
Сені берген құдайдан.
Әлла, балам, әлла-әу.

Түлкішек-ау, түлкішек,
Түнде қайда барасын?
Әлла, балам, әлла-әу.

Мамамның үйіне барамын.
Мамаң саған не берер?
Ешкі сауып, сүт берер.
Әлла, балам, әлла-әу.

Ешкісінің сүті жоқ,
Лағының пұты жоқ.
Әлла, балам, әлла-әу.

Қойға барсаң қозы жоқ,
Қоңыр саулық бірге жоқ.
Одан әрі не көрдің?
Жүз қамысты мен көрдім.
Әлла, балам, әлла-әу.

Жүз қамыстың ішінде
Жүз жылқыны мен көрдім.
Жүз жылқының ішінде
Ақбоз атты мен көрдім.
Әлла, балам, әлла-әу.

Ақбоз аттың ішінде
Ақ келіншек мен көрдім.
Ақ келіншек қолында
Ақ тостаған мен көрдім.
Әлла, балам, әлла-әу.

Ақ тостаған ішінде
Ақ алманы мен көрдім.
Ақ алма кімге тістелік?
Есенқұлға тістелік.

Есенқұлдың несі бар?
Ұшар-ұшар құсы бар.
Ұшып кетті ауаға,
Қайтып түсті дайраға.
Әлла, балам, әлла-әу.

Бесік жырлары туралы толығырақ мына бөлімде оқи аласыздар.

Оцените статью
Добавить комментарий