Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы бесік жыры (видео)

besik zhyry bespaev meirambek Бесік жыры

Бесік жырының сөзі — Қалқаман Сариндікі, әні — Арман Бексұлтандікі.

Тәй — тәй басып бөпешім, жүргенің қандай
Қөз қуаныш көкешім, күлгенің балдай.
Аспандағы ай-күнді, аламын дейсің,
Асқар таудай айбынды, боламын дейсің.

Қайырмасы:
Әлди әлди, ақ бөпем,
Сендей сәби жоқ, көкем,
Анам әкем дейсің бе,
Тілің тәтті екен.

Әлди әлди, ақ еркем,
Бой жетерсің сен, ертең,
Мақтанышы еліңнің,
Өзің бол еркем.

Баурап тәтті қылығың, ән салды жаным
Менің мөлдір тұнығым, кәусәр бұлағым.
Жайнап өскен жан гүлім, сенсің-ау жаным
Қадамыңа ақ нұры, жаусын алланың.

Қайырмасы:
Әлди әлди, ақ бөпем,
Сендей сәби жоқ, көкем,
Анам әкем дейсің бе,
Тілің тәтті екен.

Әлди әлди, ақ еркем,
Бой жетерсің сен, ертең,
Мақтанышы еліңнің,
Өзің бол еркем.

Бесік жырлары туралы толығырақ мына бөлімде оқи аласыздар.

Оцените статью
Добавить комментарий