Бесік туралы ырым-тыйымдар

Бесік туралы ырым-тыйымдар Салт-дәстүр

Көшпенділер нәрестенің бесігінен бастап оған қатысы бар заттардың барлығына құрметпен қараған. Өйіткені қазақ халқы тал бесікті ұрпақ жалғастыратын құтты мүлік санаған. Сондықтан ұлтымызда бесікке қатысты ырым-тыйымдар көп. Бұл ырымдар баланы қауіп-қатерден қорғау, оны жат әдеттерден тыю, жақсы тәрбие беруден туындаған. Бесікке туралы қандай тыйым сөздер бар?

Бесікті аяқпен тербетпейді және баспайды.

Қазақ бесікті қасиет тұтқан. Бала есейгенде бесікті далаға тастамаған. Бесік тозып, ескірген кезде, оған ақ тамызып, өртеп жіберетін болған және аяқасты қылмас үшін күлін жерге көміп тастаған. Сонымен қатар, бесікті аяқпен тербетсе, оны құлатып алып, нәрестенің денсаулығына зиян келтіру қауіпі бар.

Бос бесікті тербетпейді.

Бос бесікті тербету — жаман ырым. Бос бесікті тербету ұрпақсыз қалғандықтың белгісі.

Бос бесіктің бетін ашық қалдырмайды. Беймезгіл уақытта оны далаға қоймайды.

Наным-сенімдер бойынша бос бесікке жын-шайтан баласын жатқызады немесе жылан салып қояды. Сондықтан бос бесікті тербетуге болмайды, оның бетін әрдайым матамен жауып жүру керек екен. Ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет. Бесікті арша, адыраспанмен аластағаннан кейін ғана баланы салады. Сәбиге жын-жыбыр, көрінбейтін қара күштер жоламасын деп бесіктің басына қайшы, пышақ, қамшы жастап та қояды.

Бесіктің теріс жағына отырмайды.

Бесікті саудаламайды.

Айтқан бағасына сатып алу керек. Бесік жасайтын ұсталар қанағатшыл болуы тиіс. Киелі дүниенің бағасын аспандатпауы керек.

Оцените статью
Добавить комментарий