Бесіктің жасау-жабдықтары

Бесіктің жабдықтарыБесіктің жабдықтары ши, жөргек, құс төсек, жастық, көрпе, жаялық, кепіл, таңғыш және жапқыштан тұрады.

1. Ши. Бесік жабдықтарының үстінен ұзына бойы жайылатын тоқылған ши төсеніш. Түбек бекітілетін тұсы ойық болады.

2. Жөргек (қаузау). Шидің үстінен төселетін, түбек тұсы ойық келген, жұқа киіз немесе арасына мақта, жүн салынып сырылған көрпеше.

3. Құс төсек. Түбек тұсында дөңгелек ойығы бар, жөргектің үстінен төселетін, арасына құс мамығы салынып, қабылған жұмсақ төсеніш.

4. Жастық. Бесік енімен бірдей етіп жасалады. Арасына құс мамығы толтырылады.

5. Көрпе. Жұқа матадан тігілгені – жаздық көрпе, арасына мақта, түйе жүні салынып, қабылғаны – қыстық көрпе.

6. Жаялық. Сәбидің денесін орайтын жұмсақ шүберек.

7. Кепіл. Түбек ойығын төңіректеп төселетін, сәбидің жалаңаш тәнін қажамас үшін жамбас тұсына, тізесіне қоюға арналған кішкене жұмсақ жастықшалар.

8. Тартпа бау (қолбау, тізе бау). Оны таңғыш деп те атай береді. Ұштары бесіктің екі жанындағы сабау ағаштарға таңылады, біреуі бөленген сәбидің көкірек тұсынан, келесісі тізеліктің үстінен түседі. Ол биязы жүннен тоқылады немесе екі-үш қабат матадан сырып, кеуде, тізеден оралатын тұстары жалпақтау етіп жасалады. Тартпаның екі ұшы арқалыққа байланады.

9. Бесік жапқыш (жабу). Бесіктің көлеміне сай, жұқа матадан кестеленіп тігіледі. Бөленген сәбиді маса мен шыбыннан, желден, күн көзінен, суықтан қорғайды.

Бесіктің жасауын қыздың анасы даярлайды.

Бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

One response to “Бесіктің жасау-жабдықтары

  1. Салем! Бесіктің жасау-жабдықтарының фотосың корсетсеніз дүрыс болар еді; жәнеде оны қалай жасау керек.Рахмет!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *