Нұрсұлтан Әлімқұловтың бесік жыры

Бесік жыры сурет Ақындар бесік жырлары

Әлди, әлди, ақ бөпем,
Былдырлаған шат көкем.
Тілің балдай тәтті екен,
Жыламауың жақсы екен.

Бақытты елде өсерсің,
Жұлдыздардан өтерсің.
Айды шарлап кетерсің,
Әлде күнге жетерсің.

Сен өсетін жер беті —
Бақытты өмір пердесі.
Ұйықта тыныш алаңсыз,
Бейбіт елдің перзенті.

Нұрсұлтан Әлімқұлов (1928–1982) 14 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында дүниеге келген, балалар ақыны. 1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Көп жылдар бойы республикалық, облыстық газет редакцияларында, Қазақ радиосында, баспаларда қызмет істеген. Халыққа кең тараған ән мәтіндерінің авторы. Республикалық Жамбыл атындағы сыйлық лау­реаты. «Барабаншы қоян» балаларға арналған өлеңдер, «Баспалдақтар» өлеңдері, «Таң самалы» ән өлеңдері сияқты шығармалары бар.

Оцените статью
Добавить комментарий