Сырбай Мәуленовтың «Бал бөбек» бесік жыры

Сырбай Мәуленовтың Бал бөбек бесік жыры Ақындар бесік жырлары

Ой, бал бөбек, бал бөбек,
Сенен, әттең, жан бөлек.
Торсық шекең толысып,
Сен бір піскен әңгелек.

Ой, бал бөбек, бал бөбек,
Әттең, сенен жан бөлек.
Бесігіңе тал керек,
Ойнауыңа шар керек.

Ой, бал бөбек, бал бөбек,
Әттең, сенен жан бөлек,
Түнде сені тербетіп,
Ұйықтататын ән керек.

Ой, бал бөбек, бал бөбек,
Көз шырымын ал, бөбек,
Сен ер жетіп өскенше,
Тыныш ұйықтар таң керек.
Сол таңыңды күзетер
Ер жүректі жан керек.

Ой, бал бөбек, бал бөбек.
Әттең, сенен жан бөлек.

Сырбай Мәуленов 1922 жылы 17 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелдин ауданында Торғай ауылында дүниеге келген, ақын. 1973 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы «Колхозшы» газетінде 1937 жылы жарияланды, «Өлеңдері» атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. Сырбай Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Осы жинақтарда «Бал бөбек» бесік жыры жарияланған.

Оцените статью
Добавить комментарий