“Әлди, әлди, аппағым” бесік жыры (видео)

Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тізіп берейін.

Әлди, әлди, алақай,
Жыламашы-ау, балақай!
Басыңа сенің жарасқан
Апам тіккен малақай.

Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні – қалпағың.
Жұрт сүймесе, сүймесін,
Өзім сүйген аппағым.

Әлди, әлди, ағайын,
Атқа тоқым жабайын.
Сенің шешең – қыдырма,
Оны қайдан табайын.

Оцените статью
Добавить комментарий