Жамбыл Жабаевтың бесік жыры

ЖамбылҰйықтасын деп бөбегің,
Домбыраның қос шегін
Жамбыл бабаң қағады,
Қаққан сайын өлеңі
Бұлақтайын ағады.
Қағады Жамбыл қос шегін
Өсуің үшін, өсуің.
Ұйықтасын деп бөбегің,
Тербелсін деп бесігің.
Көкте де жұлдыз ұйықтайды,
Жайлауда жусап мал-дағы.
Мамық жүнді жас ылақан,
Ұйықтап қырда ботақан,
Алтын жалды құлыншақ,
Жұмып көзін бұзауқан,
Сида сирақ қошақан –
Төлдің бәрі ұйықтады,
Ұйықта сен де, балақан!
Шегіртке ұйықтап шөбінде,
Бақа жусап көлінде,
Қалғып құрақ өзенде,
Балық-тағы ұйықтады
Амудария түбінде …
Ұйықта, сәулем, бөбегім,
Болды сенің дегенің.
Отаныңның сүйікті
Бөбегінің бірісің –
Бәрінен де сен сұлу.
Бәрінен де ер сұлу,
Біздің жердің құлпырған
Жас өспірім ерісің!

Балалық, жастық шағыңды,
Өсірді елің дарынды.
Еліңменен бір көрдің
Жарқырағаң бағыңды.
Бақ жұлдызы жайнатты
Жас бөбегім жаныңды,
Өмірің кең шалқыған,
Жолың ашық таңдаған,
Сен үшін бақша бұлбұлы
Сұлу әнін сайраған.
Сайдың сұлу гүлдері
Сенің үшін жайнаған.
Аққан күміс арнадан.
Көзің жарық жұлдыздан,
Шашың жібек құндыздан,
Сен бір артық көркемсің
Биік асқар, шың-құздан,
Қара көз, сәби бөбегім,
Аса берсін өнерің,
Батыр болып өсе бер,
Жанарынды жанғызған.

Бала күнде өзіміз
Сендей болып өспедік,
Сұм өмірдің бұрынғы
Небір уын кешпедік!
Май айында ұраның
Салып, қолда флагың
Шыққаныңда көшеге,
Қуанғаннан көзіме
Жастар келіп, егіле,
Түсіп кетед менің де
Балалық шағым есіме.
Жігіт болып өс жылдам,
Өмірге жассың сен керек.

Ұйықта бөбек, жас қазақ!
Бесігің балғын, толғап ңұр,
Көзіңді жұм, деміңді ал,
Күзетте қызыл әскер тұр.
Туған елдің туында
Кейінгі жас буынға
Бақыт нұры жанып тұр.

«Жабаев Жамбыл. Ел қадірін біл, балам». Алматы, «Жалын», 1996. 61-62 беттер.

жамбыл бесік жыры

жамбыл бесік жыры2

 

 

Оцените статью
Добавить комментарий