Алманияда тамаша мысық-балабақша бар

Бала

Осындай таңғажайып мысық-балабақша бұл дүниеде бар. Ол Алманиядағы Карлсруэ қаласының жанындағы Вольфарствеере елді мекенінде орналасқан. Бұл ертегі балабақшаның ерекшелігі сыртқы пішінінде. Балабақша ақ мысыққа ұқсайды.

Бұл балабақша неміс жазушысы және иллюстраторы Томи Унгерер (Tomi Ungerer) мен сәулетші Айла-Сюзан Йондельдің жобасы бойынша жасалған. Ғимарат ойнап отырған сымбатты кішкентай мысыққа ұқсатып жасалынған. Ғимараттың алдынғы беті – мысықтың тұмсығы, көздері – екі үлкен дөңгелек терезе, есіктің төбе қалқасы мұртары мен мұрны іспеттес. Балабақшаға мысықтың ауызы арқылы кіруге болады. Ғимараттың артында мысықтың құйрығы пішінді балалар сырғанайтын ұзын төбешік орналасқан. Осы төбешік арқылы балалар ғимараттан далаға сырғанап шығады.

Балабақша ішінен кең, жарық және қолайлы болып шыққан. Балалардың ойнауы мен сабақ оқуына орын жеткілікті.

Орталық балаларға қатты ұнайды. Олар қуана-қуана, асыға барады.

 

мысық-балабақша

балабақша

мысық-балабақша

балабақшаның іші

сырғанайтын төбешік

Оцените статью
Добавить комментарий