Диваевтың Бесік жыры жинағы

бесік жыры жинағы диваев

«Алаш көсемсөзі» жинағының 5 томының әдебиет бөлімінде этнограф Әбубәкір Диваевтың жинақтаған бесік жыры берілген.

Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.

Бай қотанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Көтіндегі сатпағын
Быламық қылып берейін.

Әлди-әлди бөпешім,
Қозы жүні кепешім.
Жұрт сүймесе, сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім.

Әлди-әлди, әлди жар,
Аспанда бұлт жауды қар.
Әли мінген дүлдүлдің
Сауырында бар-ды қал.

Аспаннан түскен көк қошқар,
Шығыршық мүйіз жануар.
Әлди-әлди аппағым,
Қойдың жүні қалпағым.

Халыққа жаман болса да,
Өзіме жақсы аппағым.
Әлди-әлди шырағым,
Көлге біткен құрағым.

Жапанға біткен терегім,
Жаман күнде керегім.
Алла-алла десем мен,
Аллаға құл болсам мен.

Жаратқанға жалынып,
Жанымды құрбан қылсам мен.
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.

Қонақ келсе қой бөпем,
Қой тоқтысын сой бөпем,
Құйрығына той бөпем.
Әлди-әлди, анашым,

Қой терісі шанашым.
Жұрт сүймесе, сүймесін,
Өзім сүйген анашым.
Әлди-әлди, апатай,

Көп жылама қалқатай.
Әлдилесем жыламас,
Ақылы көп қалқатай.
Әй, алдамжар, алдамжар,

Алла болғай бізге жар.
Әли мінген шұбардың,
Асығында ағы бар.
Тобығында меңі бар.

Салағылдай мойны бар,
Аққан дария сеңі бар.
Әркімдердің теңі бар,

Үлкен үйде бақан бар,
Бәйбішеге тоқал бар,
Сом темірге балға бар.
Сұмсынғанға алла бар.

Айналайын айымыз,
Алты қарын майымыз.
Жеті қарын жентіміз,
Шаһар Бұхар кентіміз.

Уай, Камелтайым қайда екен?
Асқар-асқар тауда екен.
Тауда не қып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.

Алмасынан қанекей?
Жаңа теріп жүр екен.
Жаңасынан қанекей?
Жаңа барып жүр екен.

Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Астыңа терлік салайын,
Үстіңе тоқым жабайын.

Ауылдап кеткен апаңды,
Іздеп қайдан табайын.
Жылама, балам, жылама,
Ата-әкеңді қинама.

Арша ма екен бесігі,
Ала ма екен әкесі.
Өрік пе екен бесігі,
Сүйе ме екен әкесі.

Жиде ме екен бесігі,
Жігіт пе екен әкесі.
Жылама, балам, жылама,
Ата-анаңды қинама.

Құйрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып.
Қызмет қылар ма екенсің,
Қолымыздан іс алып.

Мойныңызға күш алып,
Бақытымызға, жан балам,
Бізді бағар ма екенсің?
Жылама, балам, жылама.

Айырқалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,

Шешен болар ма екенсің?

Кең балағың түрісіп,

Ойға, тауға жүрісіп,

Балуан болар ма екенсің?

Қылған ісің оң болып,

Кигенің жақсы тон болып,

Момын болар ма екенсің?

Жылама, балам, жылама,

Әлди-әлди, ақ бөпем.

Алтынмен шоқтап бөрікті,

Берсек пе екен осыған.

Біз садаға, біз зекет,

Кетсек пе екен осыдан.

Менің тәттім қайда екен?

Қыздарменен тойда екен.

Тойда болса отырсын,

Қолына жүзік толтырсын.

Жылама, балам, жылама,

Апакеңді қинама.

Бал қайнатып шай ішкен,

Қазы кертіп, жал жеген,

Істі болар ма екенсің.

Ұзақ жасап көбірек,

Басы болар ма екенсің.

Әлди, бөпем, әлди.

Қарағай найза қолға алып,

Жауға тиер ме екенсің?

Қашқан жаудың артынан,

Тұре қуар ма екенсің.

Жылама, балам, жылама,

Әлди, бөпем, ақ балам.

Айнакем балам қайда екен?

Қыздарменен тойда екен.

Қызыл алма қолында,

Қыздар мұның жолында.

Алла, балам, аллажар,

Армансыз дүние кімде бар?

Біреудің болып көңілі шат,

Армандылар е.. озар.

Әлди, балам, әлди,

Жездей балам алды.

Жездей-жездей қолыңнан,

Жезделерің айналсын.

Аппақ-аппақ қолыңнан,

Апаларың айналсын.

Әлди, балам, әлди.

Әлди балам, батыр балам,

Шауып келе жатыр балам.

Отыз қызды олжалап,

Алып келе жатыр балам.

Олжа-олжа дегенге,

Әрбіріне бір қыздан,

Беріп келе жатыр балам.

Әлди, балам, әлди.

Әлди, балам, ақ балам,

Ақ бесікке жат балам.

Айналайын көзіңнен,

Атасына нақ балам.

Әлди, балам, әлди.

Әуедегі жұлдыздай,

Суда жүзген құндыздай,

Өзім қалап сүйгендей,

Жұмақтағы хор қыздай,

Әлди, балам, әлди.

Көзімнің ағы-қарасы,

Жүрегімнің парасы.

Дүние қамды ойлатпас,

Көңілінің данасы.

Әлди, балам, әлди.

Айналайын, шырағым,

Көлге біткен құрағым.

Жағамдағы құндызым,

Ауадағы жұлдызым.

Әлди, балам, әлди.

Айналайын балам-ай,

Айналсын сенен анаң-ай.

Әлдилеп сені сүйгенде,

Атаңның болар көңілі жай.

Әлди, балам, әлди.

Біреудің болып көңілі шат,

Армандылар е.. озар.

Әлди, балам, әлди,

Жездей балам алды.

Жездей-жездей қолыңнан,

Жезделерің айналсын.

Аппақ-аппақ қолыңнан,

Апаларың айналсын.

Әлди, балам, әлди.

Әлди балам, батыр балам,

Шауып келе жатыр балам.

Отыз қызды олжалап,

Алып келе жатыр балам.

Олжа-олжа дегенге,

Әрбіріне бір қыздан,

Беріп келе жатыр балам.

Әлди, балам, әлди.

Әлди, балам, ақ балам,

Ақ бесікке жат балам.

Айналайын көзіңнен,

Атасына нақ балам.

Әлди, балам, әлди.

Әуедегі жұлдыздай,

Суда жүзген құндыздай,

Өзім қалап сүйгендей,

Жұмақтағы хор қыздай,

Әлди, балам, әлди.

Көзімнің ағы-қарасы,

Жүрегімнің парасы.

Дүние қамды ойлатпас,

Көңілінің данасы.

Әлди, балам, әлди.

Айналайын, шырағым,

Көлге біткен құрағым.

Жағамдағы құндызым,

Ауадағы жұлдызым.

Әлди, балам, әлди.

Айналайын балам-ай,

Айналсын сенен анаң-ай.

Әлдилеп сені сүйгенде,

Атаңның болар көңілі жай.

Әлди, балам, әлди.

Оцените статью
Добавить комментарий

  1. Аида

    Толық нұсқасы өте мазмұнды және мағыналы екен.Көп рақмет!

    Ответить