Қоңыр тобының орындауындағы бесік жырының әні — Алтайдың халық әні, сөзі — Тұрсынжан Шапайдікі.
Ойнайсың, балам, ойнайсың,
Ойынға тоймайсың, талмайсың.
Қырандай шарықтап сен қашан
Көгінде еліңнің самғайсың?
Қайырмасы:
Ойнасын балам, ойнасын,
Ойынға ешқашан тоймасын.
Ойнасын балам, ойнасын
Ешкім мұңайтып қоймасын.
Арғымақ ат мініп шабатын
Бақытын елінің табатын.
Батыр бол өз елін қорғаған
Әкеңнің мақтаны бол, балам.
Қайырмасы:
Ойнасын балам, ойнасын,
Ойынға ешқашан тоймасын.
Ойнасын балам, ойнасын
Ешкім мұңайтып қоймасын.
Бесік жырлары туралы толығырақ мына бөлімде оқи аласыздар.