«Ананың әлдиі» бесік жыры

бесік жырыМамық төсек салайын,
Құшағыма алайын.
Қозым менің ұйықтасын,
Арқасынан қағайын.

Бөпем менің қалғыды,
Тербетті оны ән-жыры.
Бота, қозы, құлыншақ —
Ұйықтап қалды барлығы.

Ай арбамен жетіпті, 
Күн ұйқыға кетіпті.
Жұлдыз кіріп кетер деп,
Қақпаларын бекітті.

Ормандар да қалғыды,
Қорғандар да қалғыды.
Сен де ұйықтап қала ғой,
Анасының жан нұры!

Күнім ұйықтап қалыпты,
Анасы әнге салыпты.
Ол түсінде ғажайып
Ертек-елге барыпты,
Алтын алқа тағыпты.

Оцените статью
Добавить комментарий