«Ана бақыты немесе жүкті әйелге арналған күнделік» атты кітаптың тұсаукесері

жүкті әйелге арналған күнделік

Құрметті ханымдар мен болашақ аналар!

Сіздерді журналист Жанар Көбекбайдың жүктілік пен босануға арналған ең алғашқы қазақ тіліндегі «Ана бақыты немесе жүкті әйелге арналған күнделік» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсіміне шақырамыз!

Бұл кітап болашақ ананың айнымас серігі болатыны сөзсіз. Онда әрбір жүкті әйел білуі тиіс ақпараттармен: жүктіліктің кезеңдері мен ана құрсағындағы шарананың дамуы туралы, босану мен қазақ танымындағы ана мен балаға қатысты ұғымдармен, егіздердің тәрбиесі туралы толықтай таныстырылады.

Кітаптың шығуына негіз болған – автордың, егіз қыздың анасының бойына нәресте біткен сәттен бастап жүргізген күнделігі болды. Автор өз кезегінде жүктілік пен босану туралы мемлекеттік тілде әдебиетті таппай, осы олқылықтың орнын сәл де болса басуға тырысты.

ҚАЙДА: Астанақ., «Меломан» сауда желісі, «MEGA Astana» (2 қабат)

ҚАШАН: 6 ақпан, 2014 жыл. Сағат 14.00-де

БАҒДАРЛАМАДА: авторлық презентация мен болашақ аналарға фотосессия (тегін) ұйымдастырылады.

*Баласымен келген аналарды қуана төрге шығарамыз!

Оцените статью
Добавить комментарий

  1. Айжамал

    сәлеметсіздерме. бұл кітапты кайдан алуға болады. мен кызылорда қаласынан

    Ответить