Қадыр Мырза Әли Көне заман көрiнiстерi арқылы мойнына отарлық қамытын киген кешегi кеңес тұсындағы қазақтың рухын осындай астарлы әдiс-тәсiлдермен оятуға күш салып едi. Оның, тiптi «Бесiк жырының» өзiнде қаншама зiл-батпан мұңмен бiрге, айласы таусылған амалсыздық пен шарасы таусылған шарасыздық жатыр десеңiзшi!
«Бөлейтiндей пәршелеп.
Бiз Құдайға не қылдық?
Жетiспейтiн нәрсе көп,
Соның бiрi — әдiлдiк.
Әлди, бөпем, әлди-ай!
Ханыңда ес жоқ дейдi,
Халық қайтiп сенедi?
Шындық болса өтпейдi
Қымбат қой ол себебi.
Әлди, бөпем, әлди-ай!»
Темiрхан Медетбек, мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты