Бесік жыры – қазақтың тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Бесік жырының маңызы – бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен сәбиді тыныштандыра отырып, оның санасына ұлттық тәрбиені сіңіру.
1990 жылы Қазақтың тұрмыс-салт әндерінің жинағы жарық көрген. Сонда Орал Нұрмаханованың орындауында бесік жыры жазылған. Бұл бесік жырының әні мен мәтіні төменде:
Айналайын айдан,
Су әкелдім сайдан.
Көже түйдім бидайдан,
Сені берген құдайдан.
Әлла, балам, әлла-әу.
Түлкішек-ау, түлкішек,
Түнде қайда барасын?
Әлла, балам, әлла-әу.
Мамамның үйіне барамын.
Мамаң саған не берер?
Ешкі сауып, сүт берер.
Әлла, балам, әлла-әу.
Ешкісінің сүті жоқ,
Лағының пұты жоқ.
Әлла, балам, әлла-әу.
Қойға барсаң қозы жоқ,
Қоңыр саулық бірге жоқ.
Одан әрі не көрдің?
Жүз қамысты мен көрдім.
Әлла, балам, әлла-әу.
Жүз қамыстың ішінде
Жүз жылқыны мен көрдім.
Жүз жылқының ішінде
Ақбоз атты мен көрдім.
Әлла, балам, әлла-әу.
Ақбоз аттың ішінде
Ақ келіншек мен көрдім.
Ақ келіншек қолында
Ақ тостаған мен көрдім.
Әлла, балам, әлла-әу.
Ақ тостаған ішінде
Ақ алманы мен көрдім.
Ақ алма кімге тістелік?
Есенқұлға тістелік.
Есенқұлдың несі бар?
Ұшар-ұшар құсы бар.
Ұшып кетті ауаға,
Қайтып түсті дайраға.
Әлла, балам, әлла-әу.
Бесік жырлары туралы толығырақ мына бөлімде оқи аласыздар.