«Байтерек» тобының орындауындағы бесік жыры

Қайрат Баекенов2012 жылы 1 Маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  сазгер Қайрат Баекенов «Бесік жыры» атты әнің ұсынды. Сөзін жазған — Қанат Жүнісов. Орындайтын Бәйтерек тобы.

Бесік жырын мына жерден тыңдай аласыздар.

Бесігінде балбыраған,
Тербетіліп маужыраған,
Балқып әнге албыраған,
Балапаным.
Жүрегемді елжіреткен,
Тал бойымды тебіренткен,
Тәтті едің, жаным, неткен.
Ботақаным.

Қайырмасы:
Лүпілдеген жүрегімсің, өмірімнің жалғасы.
Үкілеген тілегімсің, әлди бөпем!

Бейкүнә, пәк жүзің қандай,
Жаныңа нұр құйылғандай.
Періштесің, тілің балдай,
Қошақаным.
Менің арман, үміт таңым.
Менің сүйіп, қызықтарым,
Сенің тәтті қылықтарың,
Құлыншағым.

Әжең тербетер.
Бөпем ер жетер.
Дүние өтер.

Балбырап ұйқың,
Шалқысың күлкің,
Дүние-ай, шіркін.

Оцените статью
Добавить комментарий