Tag Archives: тал бесік

Тал бесік

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Қызылжар қаласындағы облыстық өлкетану музейінде өте көне бесік тұр. Оған «Оралман бесік» деген ат қойылыпты. Кәдімгі боз талдан иіп жасаған қарапайым ғана бұйым. Тым ескі дүние екені бірден көзге шалынады. Бесіктің қақтап иіп жасаған басы мен аяғы, арқалығы, жіңішке шабақтары, белдік ағаштарының ескіргені соншалық әбден ақбозданып, дымы семіп, ағашы қатып кеткен. Арқалығын ыстық темірмен қари-қари сау тамтығы қалмаған. Оның себебін бесікке әр сәбиді бөлемес бұрын бір рет ыстық істікпен қаритын Алтай қазақтарының ырымынан іздеген дұрыс сияқты. Continue reading