Изображение

Қадыр Мырзалиевтің «Домбыра мен бесік» өлеңі

домбыраБаба қазақ кебісті
Тас қапасқа өшікті.
Іздеймін деп кеңістік,
Кентін тастап көшіпті.

Батыр қазақ қылышты
Белін қашан шешіпті?!
Іздеймін деп тыныштық,
Түзін тастап көшіпті.

Ақын қазақ
                          Азаптың
Бәрін тастап көшіпті.
Іздеймін деп азаттық,
Тауын тастап көшіпті.

Бәрін тастап
                              Осы күн
Жеткен ұлы мұратқа.
Домбыра мен бесігін
Тастамаған бірақ та!

Бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *